Атырау, 26 қараша 00:50
 ашықВ Атырау -2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Балабақшаларға бет бұрылды

2 102 просмотра

Облыстық мәслихаттың кезекті XV сессиясында облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ сөз сөйледі.

2013 жылы жалпы алаңы 139 мың шаршы метр болатын 2 130 пәтерлік 46 тұрғын үйді салу жоспарланды. 870 пәтерлік 19 арендалық үй пайдалануға берілетін болады. Оның ішінде 636 пәтер кезекте тұрғандарға бөлінеді, ал қалғандары жас отбасыларға беріледі. Сонымен қатар, 135 пәтерлік бес несиелік үй мен 800 пәтерлік бірнеше ведомостволық үй құрылысы аяқталмақ. Бүгінде Атырау қаласы бойынша баспана алу кезегінде 12 271 адам тұр, - деп хабарлады әкім.

Облыс бойынша бала бақшалармен қамту деңгейі 55 пайызды құрайды. Қазір 1 085 орындық бес балабақша құрылысы жүргізілуде. Ал жыл аяғына дейін тағы 4 230 орындық 17 балабақша құрылысы басталмақ. Бұдан басқа, таяудағы үш жылда тағы да 8 825 орындық43 балабақшаны салу жоспарланып отыр.

Облыстық мәслихат хатшысы Сағын ЛҰҚПАНОВ облыстық ревизиялық комиссия төрағасы Нұржан МҰХАМБЕТҚАЛИЕВТЫҢөз қалауы бойынша лауазымынан босатылғанын хабарлап, бұл орынға тестілеу нәтижелері бойынша «А» корпусына өткен облыс әкімі аппаратының 29 жастағы қызметкері Марат МУРЗИЕВТЫ (суретте) ұсынды. Депутаттар қолдап, дауыс берді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

11 шілде 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.