6 қазан күні кешке Орал қаласында патрульдік полиция қызметкерлері Toyota Crown Majesta автокөлігін тоқтатты. Көлік иесі 5 қазан күні жол-көлік оқиғасына себеп болып, оқиға орнынан қашып кеткен болатын, деп хабарлайды Polisia.kz.
Құжаттарды тексеру барысында 22 жастағы жүргізуші мен 16 жастағы жолаушы қарсылық көрсетті. Жүргізуші қашып кетуге тырысқан, ал ұстау кезінде олар полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған.
Медициналық тексеріс нәтижесі бойынша жүргізушінің есірткілік масаң күйде болғаны анықталды. Екі құқық бұзушы да уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, жүргізушіге есірткілік масаң күйде көлік жүргізгені үшін әкімшілік іс қозғалды.