Атырау, 8 қазан 19:14
 бұлттыВ Атырау +14
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

«Интергаз Орталық Азия» АҚ-на тариф саясатын бұзғаны үшін шамамен 12 миллион теңге айыппұл салынды​

106 просмотра
Көрнекі сурет

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті (ТМРК) «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның 2023 жылға бекітілген тарифтік сметаның және инвестициялық бағдарламаның іс-шараларының орындалуын талдау нәтижесі бойынша «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтамағанын анықтады. Атап айтқанда, бекітілген тарифтік сметаны орындау шарттарын және инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын бұзу туралы айтылып отыр, деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі. 

Жүргізілген талдауға сәйкес, «Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып, жерасты қоймаларында газ сақтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке негізсіз табысының сомасы 1 499,2 млн. теңгені құрады.

Жоғарыда көрсетілген бұзушылыққа байланысты ТМРК «Интергаз Орталық Азия» АҚ үшін 2024 жылғы 1 қарашадан бастап 2025 жылғы 31 қазанға дейінгі мерзімге 1000 м3 (ҚҚС-сыз) үшін 362,27 теңге мөлшерінде газ сақтау бойынша уақытша өтемдік тарифті бекітті, бұл қолданыстағы тарифтің 24% - ға төмендеуіне сәйкес келеді.

Сондай-ақ, заңнаманы бұзу нәтижесінде ТМРК Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы екі хаттама жасады. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 11 814 400 теңгені құрады.

Бүгін, 16:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.