Атырау, 19 желтоқсан 20:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Қарағандыда 30 килограмнан астам есірткі заттары тәркіленді

506 рет қаралды

Облыс прокуратурасының үйлестіруімен, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті аса ірі мөлшерде есірткі заттарының заңсыз айналымы фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеру аясында қала тұрғындарын ұстады, деп хабарлайды Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Күдікті тұлғалардың тұрғылықты  мекенжайларын тінту барысында салмағы 30 килограмнан астам есірткі заттары табылды.

Қылмыстық іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Тергеу барысы Қарағанды облысы прокуратурасының бақылауында.

8 қазан 2024, 09:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.