Атырау, 8 қазан 19:55
 бұлттыВ Атырау +14
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Оларды ести білу керек

1 779 просмотра

Атырау мамандары суицидке бейім балалардың психологиялық портретін құрастырды. Бұл туралы 9 шілдеде өткен брифингте облыстық прокуратураның ресми өкілі Аслан НҰРҒАЛИЕВ хабарлады.

Жыл басынан бері біздің өңірімізде кәмелетке толмағандардың өз өзіне қол салған 4 оқиғасы мен 17 әрекеті (өткен жылдың осындай мерзімінде - 3 және 29) тіркелген. Психологтар бейшара балалардың медициналық кәртішкелерімен жете танысқан. Басқа жайттармен қатар, оларда туа біткен бас сүйек ішіндегі қысым, бас сүйегінің жарақаттары мен зақымдану фактілері тіркелмеген бе, сонымен қатар жақын туыстарында жүйке-неврологиялық сырқаттар болған ба, соның бәрі ескерілген. Психологтар ата-аналармен және өмірмен қоштасқысы келген жасөспірімдердің өздерімен кездесіпті. 11 ата-ана мен балаларды зерттеу жұмысы – олардың қол жұмсауға әрекеттенгендердің 8-і – толық емес, әлеуметтік тұрғыда берекесіз отбасынан шыққан балалар екенін, 2-інің отбасы мүшелерінің психикалық сырқатқа шалдыққанын, кәмелетке толмаған 1-інің – ата-аналары шектен тыс қамқорлық жасап, дарынды баланың құқығына қысым көрсетіп, оны естігісі келмейтін сырттай берекелі отбасынан шыққандығын көрсетті. Барлық жағдайда да психологтар ата-аналардың, педагогтардың тарапынан жасөспірімдерге деген ықыластың тапшылығын атап өтті.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

11 шілде 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.