Еңбек ардагері, Атырау облысының бұрынғы басшысы Оңайбай КӨШЕКОВТІ (суретте) Зейнолла Қабдолов атындағы халықаралық сыйлыққа ұсынды. Марапатты оған Қабдолов атындағы қордың директоры Бекет Қарашин мен академиктің немересі Санжар Қабдолов табыс етті.
О. Көшеков академик З. Қабдоловтың досы болатын. Олар өңірдегі әдебиетке, мәдениет пен өнерге бірге қолдау көрсеткен, оқу орындарында жас мамандарды баулып, қалыптастыруға қол ұшын берген.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ