Атырау, 21 желтоқсан 17:00
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Қарағанды ​​облысында дала өртін сөндіру кезінде құтқарушы қаза тапты

302 просмотра
Фото: ТЖМ

Күні кеше Қарағанды облысының аумағында болған дала өртінен 33 жастағы өрт сөндіруші мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы өртті сөндірген кезде қаза тапқан. Ақпаратты ресми орган растады. 

«6 қазан күні Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы дала өртін сөндіру барысында өз қызметтік міндетін атқару кезінде 24-өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі 1991 жылы туған Хали Хайрат қаза тапты.  Сержант азаматтық қорғау органдарында 2014 жылдан бастап жұмыс істеген», - деп растады оқиғаны төтенше жағдайлар министірлігі.

Айта кетейік, өрт Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қоянды ауылының маңында болған. Бұл өрт Павлодар облысының аумағына өткен.

7 қазан, 11:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.