Атырау, 7 қазан 13:19
 ашықВ Атырау +18
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Жетісу облысында білім бөлімінің үш есепшісі 34 млн теңге жымқырды

96 просмотра
Сурет//ulysmedia.kz

Жетісу облысы Кербұлақ ауданы прокуратурасы білім бөлімі  бухгалтерлерінің бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды Жетісу облысы прокуратурансының баспасөз қызметі.

2021-2023 жылдар аралығында білім бөлімінің үш бухгалтері білім бөлімінде жұмыс істемейтін адамдарға заңсыз жалақы мен еңбек демалысы жәрдемақысын аударғанын анықтады.

Келтірілген шығын 34 млн теңгені құрады.

Осы факті бойынша облыс прокуратурасы тергеу жүргізіп, нәтижесінде Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағы (алаяқтық) бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды.

Сот үкімімен бухгалтерлер Қылмыстық кодекстің 63-бабы (шартты түрде соттау) бойынша 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындаумен кінәлі деп танылды, келтірілген залал мемлекет кірісіне толық көлемде өтелді

Бүгін, 09:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.