Атырау, 2 қараша 23:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +6
$ 488.11
€ 530.09
₽ 5.01

АЭС салу бойынша референдумда сайлаушылардың жартысынан көбі дауыс берді

387 просмотра

Қазақстанда 6,3 миллионнан астам адам, яғни 51,77 пайыз атом электр станциясын салуға қатысты референдумда дауыс берді. 

Орталық сайлау комитетінің мүшесі Сәбила Мұстафинаның хабарлауынша, сағат 14.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 51,77 пайызы сайлау бюллетендерін алды.

"Сағат 14.00-дегі жағдай бойынша республика бойынша 6 миллирн 339 мың 425 азамат бюллетень алды", – деді Сәбила Мұстафина.

Өңірлер бойынша дауыс берген қазақстандықтардың саны пайызбен есептегенде келесідей бөлінді:

  • Абай облысында – 52,99%;
  • Ақмола облысында – 54,91%;
  • Ақтөбе облысында – 52,85%;
  • Алматы облысында – 59,32%;
  • Атырау облысында – 52,91%;
  • Батыс Қазақстан облысында – 50,52%;
  • Жамбыл облысында – 48,80%;
  • Жетісу облысында – 55,42%;
  • Қарағанды облысында – 59,92%;
  • Қостанай облысында – 61,54%;
  • Қызылорда облысында – 54,13%;
  • Маңғыстау облысында – 46,19%;
  • Павлодар облысында – 49,18%;
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 48,00%;
  • Түркістан облысында – 67,38%;
  • Ұлытау облысында – 59,65%;
  • Шығыс Қазақстан облысында – 61,73%;
  • Астанада – 45,19%;
  • Алматыда – 16,91%;
  • Шымкентте – 64,38%.

Сурет: ОСК ҚР

"Республикалық референдум туралы" Конституциялық заңның 31-бабының 2-тармағына сәйкес референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың жартысынан астамы дауыс беруге қатысқан жағдайда референдум өтті деп есептеледі", – деді Сәбила Мұстафина.

Дауыс беру кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Тізімдерге 12,3 миллионға жуық қазақстандық енгізілген. Референдумға шығарылған мәселе бойынша шешім, егер ол үшін азаматтардың жартысынан көбі дауыс берсе, қабылданады.

6 қазан, 16:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.