Атырау, 7 қараша 18:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 492.14
€ 528.85
₽ 5.01

ЕҚЫҰ Қазақстандағы референдумға неге бақылаушы жіберген жоқ - Мұхтар Ерман түсіндірді

726 просмотра
видеодан скриншот

Орталық референдум комиссиясының мүшесі Мұхтар Ерман ЕҚЫҰ  атынан референдумға бақылаушылардың қатыспауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Референдумға шақырту сыртқы істер министрлігінің атынан жіберілді. Ол 5 ұйымның мекенжайына жолданды. 17 қыркүйекте ЕҚЫҰ кеңсесінен жауап келді. Олар шақырту үшін алғыс айтып, миссияның жоспарында алдын ала жоспарланған іс-шаралары бар екенін айтып, референдумға бақылаушы миссиясын жібере алмайтындарын түсіндірді. Біз бұл жағдайды түсінеміз. Миссия аясында біз үнемі өзара байланыс орнатамыз. Біздің орталық комиссия өкілдері де миссия құрамындағы тәжірибелерден өтті. Алдағы іс-шараларына да қатысады», - дейді Мұхтар Ерман.

Оның айтуынша, референдумға одан басқа келген миссиялпар жеткілікті.

« 30 елден келген 177 бақылаушы бар. Бұл көрсеткіш жеткілікті деп айтуға болады», - дейді ол.
4 қазан, 14:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.