Қасым-Жомарт Тоқаев Марат Қожаевты ҚР ІІМ бірінші орынбасары қызметінен босатып, Парламент Сенатының депутаты етіп тағайындады, деп хабарлайды Ақорда.
"Мемлекет басшысының өкімімен Марат Шәдетханұлы Қожаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылды".
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Шәдетханұлы Қожаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды", - делінген хабарламада.