Атырау, 3 қазан 20:30
 ашықВ Атырау +11
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

​Ресейге адыраспан апарған қазақстандықтар қамауға алынады

90 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

Адыраспан тасымалдаған Қазақстан азаматтары Ресейде жиырма жылға түрмеге қамалуы мүмкін. Елімізде емдік мақсатта пайдаланып келген шөп биылдан бастап көрші елде тыйым салынған өсімдіктер тізіміне енді, деп хабарлайды 24.kz.

Құрамында гармин атты галлюциногенді зат бар болғандықтан оны есірткі ретінде пайдалануы мүмкін деп санайды ресейлік заң қорғаушылар. Шекарадан өткен кезде адыраспан алып келген қазақстандықтарды ұстау жиіледі деп хабарлайды Қазақстанның Ресейдегі елшілігі. 

Адыраспан ала барған Қазақстан азаматтары қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Кемінде бір жыл бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

Аса ірі мөлшерде тасымалдағаны үшін 1 млн рубль, яғни бес млн теңгеге дейін айыппұл және 8 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.  Елімізде қалжыңға айналып кеткен адыраспан маселесі. Ресей Федерациясына оны алып келу заң бұзушылық деп есептеледі. Оған үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Сондықтан бұл мәселеге өте мұқият қарау керек. 

Бүгін, 18:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.