Атырау, 3 қазан 18:18
 ашықВ Атырау +11
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

Ресей Қазақстаннан астық экспортын тоқтатуды сұраған: вице-министр бұл жайлы не дейді

90 просмотра
Фото: freepik.com

Жуырда «Россельхознадзор» Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігінен Ресейге біздің елден астық, қызанақ, бұрыш және күнбағыс дәнін экспорттауды тоқтатуды сұрады. Олардың айтуынша, қазақстандық өнімдерден зиянкестер жиі анықталатын болған. Бүгін Сенат кулуарында журналистер ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлынан екі ел арасында неге мұндай жағдай неге туындап отырғанын және министрлік тарапынан қандай шаралар қолға алынатынын сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Вице-министр қыркүйек айының ортасында Россельхознадзор тарапынан тиісті өтініш түскенін растады.

«Біз Роспотребназдорға анықталған заңбұзушылықтарды растайтын фактілерді ұсыныңыздар деп хат жолдадық. Өйткені біз көз жеткізуіміз керек. Анықталған зертханалық зерттеулер мен жұмыс нәтижелері туралы тиісті актілерді сұраттық. Әзірге Роспотребнадзордан бізге жауап келген жоқ. Біз тиісті негіздеме, дәлелдерді алғаннан кейін сіздерге қосымша ақпарат береміз»,- деді ол.

Ермек Кенжеханұлы Қазақстандаы зертханалар халықаралық стандарттарға сай екенін, экспорт кезінде өнімнің барлығы мұқият тексерілетінін атап өтті.

Осы орайда журналистер «Бұл жағдай Қазақстанның жыл соңына дейін ресейлік бидайды импорттауға тыйым салуымен байланысты емес пе?» деп нақтылады.

«Біз қазір мұны бұл мәселемен байланыстырып отырған жоқпыз» - деді вице-министр.
Бүгін, 14:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.