Атырау, 7 қазан 10:43
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Аудан жаңалықтары

1 965 просмотра

Балабақша ашылды

Мақат кентінде жаңа 80 орындық «Әсел» жекеменшік балабақшасының тұсауы кесілді.

Бұл нысандыжеке кәсіпкер Қанат АЛДИЯРОВ  салған. Қазірдің өзінде барлық жағдайы қарастырылған балабақшаға қызығушылық білдіріп отырған ата-аналар көп. Жарна төлемақысы да қонымды. Мәселен бір бала үшін айына 21 мың теңге жұмсалатын шығын мемлекет тарапынан төленетін болса, 10 мың теңгесін ата-ана өз қалтасынан төлейтін болып шешілген. 

 

***

Қорғансыз сәби

Құлсары қаласының 1-ықшам ауданында ұйықтап жатқан жерінен тәртіп сақшылары 4 жасар қызды тауып алды. 

Кейін белгілі болғандай, оның 24 жастағы анасы күйеуінен осыдан үш жыл бұрын айырылып кеткен соң, сәбиді қарт әжесінің тәрбиесіне беріп, өзі Атырау қаласына кетіп қалған. Ал әжесі ішкілікке салынып, қорғансыз қалған сәби көшеде жүріп тамақ асыраған. 

- Қыздың шешесін шақыртқаны-мен, Атыраудан қаржысы жоқтығын сылтауратып келмей қойды. Әзірге сәби облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Құжаты жасақталғаннан кейін ол интернатқа жіберіледі,-  дейді Жылыой аудандық прокурорының аға көмекшісі Марат ЕРМЕКОВ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

11 шілде 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.