Атырау, 3 қазан 11:30
 бұлттыВ Атырау +23
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

Қазақстан-Ресей шекарасында ауыр жүк көліктері ұзын-сонар кезекте тұр

93 просмотра

Ауыр жүк көліктерінің жүргізушілері Батыс Қазақстан облысындағы Қазақстан-Ресей шекарасындағы ұзын-сонар кезекті көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жүргізушілер «Мой город» басылымының редакциясына жүгініп, Ресейдің Самара қаласына қарай шекара бекетінде қалыптасқан кезекке шағымданған.

Жүргізуші Ақылбек Әділетовтің айтуынша, сағат 06:00-де ол «Сырым» бекетінен 20 км қалғанда кезектің соңына кеп тұрған. Алайда 12 сағат ішінде ол тек үш шақырым ғана қозғалған. Өз сөзін растау үшін ер адам сол жерде түсірілген бейнежазбаны қоса жолдапты.

Видео Бәйтерек ауданы Бейбітшілік ауылының жанында түсірілген.

Бүгін, 09:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.