Атырау, 22 қараша 19:13
 ашықВ Атырау +2
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

ҚМГ басшысының орынбасары АМӨЗ-дегі жоспарлы-алдын алу жұмыстарының барысын тексерді

627 просмотра
Сурет: ҚМГ баспасөз қызметі

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасының орынбасары Әсет Мағауов 2 қазанда Атырау мұнай өңдеу зауытында жұмыс сапарымен болып, кәсіпорындағы жоспарлы-алдын алу жұмыстарының барысымен танысты. Бұл жұмыстар 2024 жылдың 1 қазанында ҚР Энергетика министрлігі бекіткен жоспар-кестеге сәйкес басталған болатын, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

«АМӨЗ» ЖШС бас директоры Ғалымжан Жусанбаев технологиялық жабдықтар мен құбырлардың өнеркәсіптік қауіпсіздігін техникалық куәландыру, тексеру және сараптау, реакторлық жабдықтардың катализаторларын ауыстыру бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралардың барысы туралы баяндады. Атмосфераға зиянды заттардың бөлінуін болдырмау мақсатында технологиялық жабдықтарды тазарту (булау жұмыстары) жабық жүйеде жүргізіледі. Жоспарлы алдын-алу жұмыстарына 2 мыңнан астам жұмысшы және 70-ке жуық арнайы техника жұмылдырылды.

Мұнай өнімдері жинақталған қор есебінен Энергетика министрлігімен келісілген жоспарға сәйкес жөнелтіледі. Жоспарлы алдын-алу жұмыстарының басында мұнай өнімдері қорының көлемі: автобензиндер — 30 мың тонна; дизель отыны — 15 мың тонна; әуе отыны — 6,5 мың тонна; сұйытылған газы — 500 тоннаны құрайды.

Зауыт қызметкерлерімен кездесуде Ә.Мағауов жоспарланған жұмыстарды белгіленген мерзім ішінде сапалы әрі қауіпсіздік техникасын сақтай отырып іске асырудың маңыздылығын атап өтті. ҚМГ Басқарма төрағасы А. Хасеновтің бұрын берген тапсырмасын ескере отырып, зауыт басшылығының ерекше назары ұжымда әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға және қолайлы ахуалды қамтамасыз етуге аударылуы тиіс. Сондай-ақ, кездесу барысында Атырау МӨЗ қызметіне қатысты бірқатар мәселе, оның ішінде «Tazalyq» экологиялық жобасы талқыланды.

2 қазан, 18:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.