Атырау, 13 қараша 08:29
 ашықВ Атырау +2
$ 494.95
€ 525.49
₽ 5.05

Елімізде кейбір мемлекеттік қызметкерлерге бизнеспен айналысып, қосымша табыс табуға рұқсат берілмек

361 просмотра

2 қазанда Мәжіліс отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" зң жобасы қаралды. Оған сәйкес елде мемлекеттік қызметкерлерге теңестірілген азаматтарға кәсіппен айналысуға рұқсат берілмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Заң жобасына сәйкес облыстық мемлекеттік кәсіпорындарда, коммуналдық кәсіпорындарда және коммуналдық мемлекеттік органдарда басшылық қызмет атқаратындарға кәсіппен айналысуға рұқсат берілмек. 

“Конституциялық сот азаматтардың өтініші бойынша "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңның 13-бабын Конституцияның 26-бабының 4-тармағы мен 39-бабының 1-тармағына сәйкес келмейді деп таныды. Атап айтқанда, Конституциялық Сот мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген тұлғаларға қатысты шектеулер олардың кәсіпкерлікпен айналысу еркіндігі құқықтарын бұзатынын анықтады”, – делінген нормада.

Осыған байланысты заң жобасында мемлекеттік қызметтен бөлек басқа да қызмет түрлерімен айналысуға тыйым салуға байланысты шектеулер қолданылатын шенеуніктердің тізімі нақтыланады. 

“Енді бұл шектеулер облыстық мемлекеттік кәсіпорындарда, коммуналдық кәсіпорындарда және коммуналдық мемлекеттік органдарда басқару функцияларын жүзеге асыратын тұлғаларға қолданылмайды. Алайда егер бұл олардың қызметтiк мiндеттерiн орындауына кедергi келтiрсе, қызметтiк мүлiктi пайдалануға әкеп соқса немесе мүдделер қақтығысын тудырса, коммерциялық ұйымның қызметiне қатысуға, кәсiпкерлiк немесе өзге де ақылы қызметпен айналысуға құқығы жоқ”, – делінген заң жобасының мәтінінде. 

Бұдан бөлек үкімет мүшелеріне пәтерлерін жалға беріп, қосымша табыс табуға рұқсат берілмек. Бұған дейін үкіметтегі шенділерге меншігіндегі мүлікті жалға беруге тыйым салынатын еді. 

“Егер үйіңіз болса, жалға бере аласы. Бұл мәселе тек үкімет мүшелеріне қатысты еді”, – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов.

Әйткенмен кей мемлекеттік қызметкерлер әрі қарай кәсіппен шұғылдана алмайды. Заң жобасына сәйкес келесі тұлғалар тобына мемлекеттік қызметтен бөлек басқа қызметпен айналысуға тыйым сақталады: 

  • Тұрақты негізде жұмыс істейтін аймақтық сайлау комиссиясының мүшелеріне;
  • Бақылау қызметін атқаратын ұлттық банк, қаржы нарығын реттеуші орган мен авиация органдары қызметкерлеріне;
  • Ұлттық компания мен холдингтер басшылары

2 қазан, 12:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.