Атырау, 31 қазан 06:18
 дождьВ Атырау +7.9
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65

Мәжіліске жаңа депутат келді

598 рет қаралды
Фото: t.me/mazhilis_kz

Жаңа депутат Серік Ерубаев Парламент Мәжілісі комитеттерінің бірінің құрамына сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін Мәжілістің "Ақ жол" партиясынан депутат Серік Ерубаев қатарымызға қосылды", - деді палата спикері Ерлан Қошанов жалпы отырыста.

Жаңадан сайланған депутат биыл жазда мандатынан айырылып, "Ақ жол" партиясынан шығарылған Асқар Садықовтың орнына келген.

Мәжілістің жалпы отырысында Серік Ерубаев Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті құрамына да сайланды. Оны депутат Снежанна Имашева басқарады.


2 қазан 2024, 10:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.