Атырау, 1 қазан 18:24
 ашықВ Атырау +12
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Референдумға орай 177 байқаушы ресми тіркеуден өтті – Мұхтар Ерман

73 просмотра
видеодан скриншот

2024 жылдың 6 қазаны күні Қазақстанда өтетін жалпыұлттық референдумға 177 байқаушы ресми тіркелген. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясындағы баспасөз мәслихатында ОСК хатшысы Мұхтар Ерман мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, бұл байқаушылар 30 елден, соның ішінде 4 халықаралық ұйымнан тіркелген.

«Биыл 3 қыркүйекте қабылданған қаулының негізінде аккредитация 2024 жылдың 30 қыркүйегі күні, Астана уақыты бойынша сағат 18:00-де аяқталған. Осылайша, 177 байқаушы ресми тіркеуден өтті, олар 30 шет мемлекет пен 4 халықаралық ұйымның өкілдері», - деді Мұхтар Ерман.
Бүгін, 15:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.