Атырау, 1 қазан 18:36
 ашықВ Атырау +12
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Қазақстан Оңтүстік Кореяның еңбекке рұқсат беру жүйесіне енгісі келеді

97 просмотра
Фото: gov.kz

Қазақстан Оңтүстік Кореяның еңбекке рұқсат беру жүйесі, яғни,  Employment Permit System жүйесіне енгісі келеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев Оңтүстік Кореяға жұмыс сапары аясында Корея Республикасы Жұмыспен қамту және еңбек министрлігінің өкілдерімен осы мәселені талқылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазақстан мигранттардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау үшін құқықтық базаны одан әрі жақсартуға бағытталған бірқатар кешенді шаралар қабылдады. Атап айтқанда, Алматы қаласында Корея Республикасында жұмыс істегісі келетін Қазақстан Республикасының азаматтарын кәсіптік және тілдік даярлау бойынша көпсалалы орталық ашылғалы жатыр», – деді Асқарбек Ертаев.

Оның айтуынша, Қазақстанның еңбек министрлігі елдегі ішкі істер министрлігімен бірлесіп заңсыз көші-қонның жолын кесуге бағытталған шараларды күшейтіп жатыр.

«Келіссөздер қорытындысы бойынша Корея Республикасы Жұмыспен қамту және еңбек министрлігінің өкілдері Қазақстанды EPS жүйесіне қосу туралы ниетін тағы да растады, бұл Қазақстан азаматтарына жасалған еңбек шарттары шеңберінде Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге мүмкіндік береді», - деп хабарлады еңбек министрлігі.

Бүгін, 15:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.