Атырау, 1 қазан 18:26
 ашықВ Атырау +12
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Футбол мен хоккейдің бюджеті қысқарады

109 просмотра

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Jibek Joly телеарнасындағы «УӘДЕ» бағдарламасына берген сұхбатында футбол, хоккей спорттарында арнайы лимиттер қойылатынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бізде футбол, хоккей спорттарында арнайы лимиттер бар. Ол жерде де қазір дене шынықтыру және спорт бағытындағы заңнамамен жұмыс атқарып жатырмыз. Бұл жерде біз қазір лимиттер мәселесін көтерудеміз. Кейбір өңірлерде 1-2 миллиардтан асырмау мәселесі бар. Бірақ көп өңірлер ол шектеуді бұзады. Сондықтан біз қазір футболға, хоккейге қандай бюджеттік лимиттер орнатамыз деп қарап жатырмыз, – деді министр.

Журналистің «Бюджет қысқаруы мүмкін бе?» деген сұрағына министр бюджеттік лимиттер 1-2 млрд теңгеден төмен қысқармайтынын атап өтті.

Бюджеттік лимиттер 1-2 миллиардтан қысқармайды. Футболды білесіз ғой, қандай қаражат жұмсалады. Бүгінгі күні біздегі мәліметтер бойынша біраз өңірлерде 3-4 миллиардқа жетіп кеткен. Біз соны 1-2 миллиардтың шамасына түсіруді ойластырып жатырмыз, ол да әлі зерттеледі, анализ жасалады, – деді министр.
Бүгін, 14:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.