Атырау, 1 қазан 14:32
 ашықВ Атырау +17
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Бас көлік прокуроры инвесторлармен кездесті

117 просмотра

Бас көлік прокуроры Тимур Сүлейменов бизнесті қорғау және Қазақстан Республикасының көлік инфрақұрылымына инвестицияларды қолдау мақсатында шетелдік және отандық кәсіпкерлермен кездесу өткізді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. 

Алматыдағы кездесуге TAVAirportsHolding (Түркия), KLVINSAAT (Түркия), Sarens (Бельгия), «Глобалинк» Транспортэйшн энд Лоджистикс Вордвайд» ЖСШ (Қазақстан) компанияларының -инвесторлары қатысты. 

Прокуратура өкілдері кәсіпкерлерді Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 08 мамырдағы №542 Жарлығыменбекітілген инвестициялық жобаларды қолдаудыңжаңа тәсілімен таныстырды. 

Прокуратура кәсіпкерлердің құқықтық қорғалуын қамтамасыз ете отырып, қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыруға мемлекеттік мүдделігін ұсынады. 

Ол үшін заң бұзушылықтарды тиімді анықтау және оларға ден қою үшін сенім телефондары, мобильді топтар және басқа да қадағалау тетіктері құрылды. 

Ағымдағы жылдың 8 айында мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттері туралы түскен 118 өтініштің 85-і расталды. 

Көлік прокуратурасының құзырында жалпы сомасы 2 трлн теңгені құрайтын 40-тан астам инвестициялық жоба бар. Осы жобалардың бірқатарына прокуратураның араласуы қажет болды, себебі олардың жүзеге асырылуынқиындатқан мәселелер туындады. 

Кәсіпкерлерді шектен тыс әкімшілік-құқықтық санкциялардан қорғаудың ең тиімді әдісі «прокурорлық сүзгі» болды. Мысалы, «KLV INSAAT ANONIM SIRKETI» АҚ филиалының директоры Серкан Қаплан «Ұзынағаш-Отар» автожолын салу жобасын жүзеге асырудағымәселе, прокуратураның араласуынан кейін шешілгенін айтты. 

Халықаралық тасымалдау саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлер де өзекті мәселелерді көтерді. 

Кәсіпкерлер-инвесторлар көтерген барлық мәселелер олардың түпкілікті шешілуіне дейін Бас көлік прокурорының ерекше бақылауына алынды.  

Шағын және орта бизнеске қатысты уәкілетті және бақылаушы органдардың іс-әрекеттерінің заңдылығының жай-күйі прокуратура қадағалауының басым бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өткен жөн.

Ағымдағы жылы 11 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды.

Бүгін, 09:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.