Атырау, 3 қараша 01:38
 дождьВ Атырау +11.8
$ 453.64
€ 508.17
₽ 5.59

Жапония үкіметі отставкаға кетті

721 рет қаралды

Жапония үкіметі отставкаға кетті. Ел парламенті жаңа премьер-министрдің кандидатурасы бойынша дауыс беруге дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Үкімет басшысы парламентке партиялар ұсынған кандидаттардың көпшілік дауысымен сайланады. Әдетте бұл партия жетекшілері. Осылайша парламенттегі көпшілік орынға ие болған партия басшысы премьер-министр болады.

БАҚ мәліметінше, либерал-демократиялық партия мен "Комейто" партиясының құрамындағы басқарушы коалиция Парламенттің екі палатасында да көпшілік орынға ие болғандықтан, өткен аптада ЛДП басшысының сайлауында жеңіске жеткен Жапонияның 102-ші премьер-министрі Сигэру Исиба болады. Ол сейсенбіде жаңа үкімет құрады деп күтіледі, оны сол күні кешке Жапония Императоры Нарухито бекітеді.

Сондай-ақ, 9 қазанда парламенттің төменгі палатасы таратылады, ал кезектен тыс жалпы сайлау 27 қазанға белгіленеді деп күтіледі.

1 қазан 2024, 09:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.