Атырау, 1 қазан 12:23
 ашықВ Атырау +15
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Соттылығы үшін жұмыстан босатылған жаттықтырушы сот шешімімен бұрынғы жұмысына қайта орналасты

98 просмотра
Сурет/ angelovo.academy

Жамбыл облысында соттылығы үшін жұмыстан босатылған спорт мектебінің жаттықтырушысы сот шешімімен бұрынғы жұмысына қайта орналасты, деп хабарлайды Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі.

Жамбыл облысының Ақбұлым ауылының тұрғыны 20 жылдан астам уақыт бокстан жаттықтырушы болып жұмыс атқарған және көптеген республикалық, халықаралық турнирлердің жеңімпаздарын тәрбиелеген. 

Дене шынықтыру және спорт басқармасының тапсырмасы бойынша қызметкерлерді тексерген кезде жаттықтырушыныңденсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін 1987 жылы соттылығы болғаны анықталған (Қазақ КСР ҚК-нің 93-бабының 2-бөлігі бойынша). Осыған байланысты ол 2024 жылы наурызда жұмыстан босатылған.

Жаттықтырушы спорт мектебінің үстінен жұмыстан босату туралы бұйрықтың күшін жою, жұмысқа қайта алу және мәжбүрлі түрде жұмысқа келмеген уақытының жалақысын өндіру туралы талап қойып, сотқа жүгінді.

Істі Жамбыл аудандық соты қарап, 1987 жылғы Қазақ КСР Жоғарғы Сотының шешімі, онда жаттықтырушының жасаған әрекетін денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруден (Қазақ КСР ҚК-нің 93-бабының 2-бөлігі) қажетті қорғаныс шегі болған кезде келтірілген дене жарақатына қайта сараланғанын (Қазақ ССР ҚК-нің 96-бабының 1-бөлігі); талап қоюшы адам өлтіргені немесе денсаулыққа қасақана зиян келтіргені үшін сотталғандар санатына жатпайды және қылмыстық қудалауға тартылмағанын анықтады.

Қазақ КСР ҚК-нің 96-бабының 1-бөлігінде іс-әрекеттің қасақаналығы көзделмегендіктен, жұмыстан босату негіздері жарамсыз болып табылады.

Осыған байланысты сот талап қоюды толығымен қанағаттандырып, жұмыстан босату туралы бұйрық заңсыз деп танылып, күші жойылды.

Талап қоюшының бұрынғы жұмысы қалпына келтіріліп, оның пайдасына мәжбүрлі түрде жұмыста болмаған уақыты үшін 781 мың теңге жалақысы өндірілді.

Шешім заңды күшіне енді.

Бүгін, 08:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.