Атырау, 24 желтоқсан 04:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

​Құрманғазы ауданында екі медициналық нысан пайдалануға берілді

961 рет қаралды

Азғыр  және Сүйіндік ауылдық округінде  медициналық пункттер салынды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Абат Жанғалиев пен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдуалиев қатысты.

- Дәрігерлік амбулаториялар «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасымен жүзеге асты. Жобамен шет аумақтағы елдімекендерге басымдылық беріліп, биыл осы екі амбулаторияны аштық.  Енді тұрғындар тиісті медициналық көмекті өз ауылдарында ала алады, - деді аудан әкімі А.Жанғалиев.

Типтік үлгідегі ғимараттардың жалпы ауданы – 266,35 шаршы метр.  Бір қабатты дәрігерлік нысандар материал жинау, егу, перфорациялық зерттеу, дезинфекциялық заттарды дайындау және оны сақтауға арналған бөлмемен жабдықталған. Сондай-ақ, дәріхана, техникалық қызметкерлер мен медбикелерге арналған кабинеттер де бар.

Анықтама үшін: Азғыр ауылдық амбулаториясына 1372 ,  Сүйіндік амбулаториясына 1741 адам тіркелген.

30 қыркүйек 2024, 21:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.