Атырау, 30 қыркүйек 16:42
 ашықВ Атырау +17
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Енді елімізде қосылған құн салығы 15 күнде қайтарылады

123 просмотра

Мемлекеттік кірістер комитеті Цифрлық Қосылған құн салығы пилоттық жобасының 2024 жылы 7 қазанда басталатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жоба экспорттаушылар үшін Қосылған құн салығын қайтару процесін жеделдету және жеңілдетуге бағытталған. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, Қосылған құн салығын қайтару мерзімі тексеруді қажет етпей, әдеттегі 55-75 күннің орнына 1-ден 15 жұмыс күніне дейін болады.

Есеп айырысу үшін цифрлық теңге – ұлттық валютаның жаңа нысаны қолданылады. Қатысушы компаниялар жеткізушілер мен Қосылған құн салығын цифрлық теңге арқылы төлей алады. Бұл операциялардың ашықтығын қамтамасыз етуге және салықтық алаяқтық тәуекелдерін азайтуға көмектеседі. Жоба Цифрлық даму министрлігі және Ұлттық банкпен бірлесіп жүзеге асырылып отыр. 

"Пилоттық жоба ерікті негізде жұмыс істейді және 2025 жылдың соңына дейін жалғасады. Жобаға Қазақстанның барлық экспорттаушылары қатыса алады", – делінген Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарламасында. 

Бүгін, 12:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.