Атырау, 5 желтоқсан 08:09
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырау тұрғыны бас жарақатынан алты күннен кейін қайтыс болды

901 рет қаралды
Көрнекі сурет

Атырау қаласының 58 жастағы тұрғыны 20 қыркүйекте бас сүйек-ми жарақатымен ауруханаға түсіп, алты күннен кейін жергілікті ауруханада қайтыс болды. Ер адамға марқұмның туысы мас күйінде денсаулыққа зиян келтірген деген күдік бар. 

- Аталған факті бойынша денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiріп, салдарынан адам өліміне әкеп соқтыру дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталып, кешенді жедел-іздестіру және тергеу амалдары басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды, - деп хабарлады полиция департаменті.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

30 қыркүйек 2024, 13:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.