Атырау, 30 қыркүйек 14:31
 ашықВ Атырау +17
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

1 қазаннан бастап елімізде қандай өзгерістер болады

107 просмотра
Фото: freepik.com

Биыл 1 қазанда елімізде қандай өзгерістер болатынын Azattyq Rýhy әзірлеген шолудан оқи аласыздар.

Борышкерлер коллекторларға төлем уақыты жайлы ескерте алады

1 қазанда 2024 жылғы 19 маусымдағы ҚР Заңын іске асыру үшін әзірленген Коллекторлық агенттіктердің жеке тұлғалардың берешегін реттеу қағидалары күшіне енеді.

Жаңа қағидаларға сәйкес коллекторлық агенттік банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) сатып алған сәттен бастап 30 күн ішінде борышкерге оның міндеттемені орындау талаптарын өзгертуге өтініш беру құқығы туралы хабарлауға міндетті болады.

Азаматтардың 1 қазанға дейін сатып алынған берешегі бойынша коллекторлық агенттіктер берешекті реттеу рәсімін өткізу туралы міндет енгізілген сәттен бастап 20 күн ішінде (1 қазан) өз борышкерлерін міндеттемені орындау талаптарын өзгерту туралы тиісті өтініш беру құқығы туралы хабардар етуге міндетті болады.

Борышкер хабарламаны алғаннан кейін кез келген уақытта міндеттемелерді орындамау себебін, сондай-ақ берешекті реттеудің өз нұсқаларын көрсете отырып, коллекторлық агенттікке тиісті өтінішпен жүгінуге құқылы. Өтінішке міндетті түрде кірістердің төмендегенін және өз міндеттемелерін орындай алмайтындығын куәландыратын растайтын құжаттар қоса берілуі керек.

Егер борышкер мәліметтер мен құжаттарды толық көлемде өткізбесе, онда коллекторлық агенттік 10 жұмыс күні ішінде қосымша мәліметтерді сұратады, бұл ретте борышкердің оларды ұсыну мерзімін 5 жұмыс күні деп көрсетеді. Құжаттарды тиісті мерзімде ұсынбау – борышкердің өтінішін қараусыз қалдыру үшін негіз.

Толық құжаттар топтамасын ұсынғаннан кейін коллекторлық агенттік өтінішті күнтізбелік 15 күн ішінде қарайды және мыналар туралы:

-қарыз алушы ұсынған міндеттемелерді орындаудың талаптарына өзгерістермен келісетіні; 

-міндеттемелерді орындау талаптарын өзгерту бойынша қарсы ұсынысы;

-бас тарту себептерінің уәжді негіздемесін көрсете отырып, міндеттемені орындау талаптарын өзгертуден бас тартатыны туралы жауапты ұсынады.

Демалыс күндері көбейеді

Қазақстандықтар жыл сайын 25 қазанда өтетін Республика күніне орай ұзақ демалады. Мерекеге 2022 жылдан бастап демалыс беріледі. Биыл Республика күні жұмаға сәйкес келеді, сондықтан қазақстандықтар бес күндік жұмыс аптасынан бастап үш күн қатарынан демалады. Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер қосымша демалыс күндерін де пайдалана алады, бұл жағдайда 26 қазан жұмыс күні болады. Республика күні – Ұлттық мереке. Мереке алғаш рет 1990 жылы мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылдануына орай құрылды.

Жеке тұлғалардың салық төлеу мерзімі аяқталады

Қазақстанда жылжымайтын мүлкі бар жеке тұлғалар жыл сайын тұрғын үйлерге, ғимараттарға, саяжай құрылыстарына, гараждарға, тұрақ орындарына және өзге де құрылыстарға, үй-жайларға, жер учаскелеріне қолданылатын мүлік салығын төлеуге міндетті.

2024 жылғы 1 қазанда жеке тұлғалардың мүлкіне 2023 жылға салық төлеу мерзімі аяқталады.

Мүлік салығы жыл сайын 1 қазанға дейін төленуі керек. Мысалы, 2023 жылғы салық 2024 жылғы 1 қазанға дейін, 2024 жылғы 1 қазанға дейін 2025 жылғы 1 қазанға дейін төленуі керек. Уақтылы төлеу өсімпұлды есептемеуге және банктік шоттарды бұғаттауға көмектеседі.

1 қазанда қарт адамдар төлемақы алады

Қала әкімдігі ақтаулық зейнеткерлерге 1 қазан – Қарттар күніне орай бір реттік материалдық көмек бермек. Төлем сомасы екі айлық есептік көрсеткішті (АЕК), яғни 7 384 теңге.

70 жастан асқан барлық зейнеткерлер төлемақы алады.

Санақ бойынша қазір Ақтау қаласында жасы 70-тен асқан 10 066-дан аса қарт бар.

Сондықтан төлемнің жалпы сомасы 10 066 адамға 74,3 млн теңгеге шығады.

Елімізде 1 қазан – қарттар күні. Бұл мереке, яки Халықаралық қарттар күні 1990 жылы 14 желтоқсанда БҰҰ Бас ассамблеясында бекітіліп, жарияланды.

Жедел жәрдем жұмысы жайлы талқылау аяқталады

8 қазанға дейін қазақстандықтар денсаулық сақтау министрі бұйрығының жаңа жобасын қолдауға немесе оған қарсы дауыс бере алады.

БАҚ-та созылмалы аурулары бар азаматтарды шақыруға медицина қызметкерлері алғашқы медициналық – санитариялық көмек (МСАК) ұйымдарының жұмысы кезінде-жұмыс күндері сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін және сенбі күні сағат 8:00-ден 12:00-ге дейін келетіні туралы ақпарат шықты.

Алайда денсаулық сақтау министрлігі МСАК мобильді бригадаларының орнына кешкі және түнгі уақытта, сондай-ақ демалыс күндері шақырулардың барлық санатына жедел жәрдем бригадалары қызмет көрсететінін түсіндірді. Өзгерістер емханалар жанынан құрылған бригадаларға қатысты. Осылайша, азаматтар үшін ештеңе өзгермейді.

Астана әуежайы қайтадан тәулік бойы жұмыс істеуге көшеді

1 мамырдан бастап ұшу-қону жолағын жөндеуге байланысты әуежай түнгі уақытта жұмыс істемеді, ал күндіз 100-ден астам рейс жүргізіле бастады.

Мұндай кесте 24 желтоқсанға дейін жұмыс істеуі керек еді, бірақ жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды.

Сондықтан 5 қазаннан бастап елордалық әуе айлағы штаттық режимде жұмыс істей бастайды. Себебі әуежайда рейстер кестесіне әсер етпейтін кішігірім жұмыстарды аяқтау қалған.

Елімізде АЭС салу мәселесінің тағдыры шешіледі

2024 жылғы 6 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы
2 қыркүйектегі № 636 Жарлығына сәйкес республикалық референдум өтеді. Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Атом электр стансасы туралы референдумға қатысты да дәл солай болуы керек. Былтыр мен бұл мәселе бойынша өз пікірімді айттым, яғни, референдум тақырыбының қоғам талқысына түскеніне бір жыл болды. Бұл — азаматтарымыздың жан-жақты ойланып, салмақты шешім қабылдауына жеткілікті мерзім деп ойлаймын. Сондықтан мен Үкіметтің ұсынысын қолдаймын. Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтеді. Бүгін тиісті Жарлыққа қол қоямын. Алдағы референдум кең ауқымды жалпыұлттық диалогтың тағы бір айқын көрінісі болмақ. Шын мәнінде, бұл – «Халық үніне құлақ асатын мемлекетке» тән сипат. Біз осындай қадамдар арқылы жаңа қоғамдық-саяси мәдениеттің негізін қалаймыз. Маңызды мемлекеттік шешімдер қабылдаудың жаңа үлгісін жасаймыз», — деді Мемлекет басшысы.
Бүгін, 11:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.