28 қыркүйек күні сағат 08:30 шамасында 102 операторына белгісіз ер адамның Жилгородоктағы жаяу жүргіншілер көпірінен секіріп кеткендігі жөнінде хабарлама келіп түскен.
Ер адамды құтқарушылар қайықпен жағаға жеткізген. Дереу жеткен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Полицейлер жасанды тыныс беру әрекеттерін жасаған соң өз-өзіне келді. Ер адам облыстық ауруханасына жеткізілді.
Дерек бойынша жедел-тергеу тобы кешенді тергеу амалдарын жүргізуде.