Қытайдағы хиями зауытында күшті жарылыс болды. Кәсіпорын Хубэй провинциясындағы Сучжоу қаласында орналасқан, деп хабарлайды YTPO.ru.
Жарылыс туралы хабарлама жергілікті уақыт бойынша сағат 12:00-де келіп түскен.
Агенттік мәліметі бойынша, төтенше оқиғадан бірнеше адам көз жұмып, көп адам жарақат алды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендердің саны туралы нақты мәлімет жоқ. Жарылыстан кейін орын алған өртті сөндіру жұмыстарына 100-ден астам өрт сөндіруші жұмылдырылды. Жарылыс себебі әзірше анықталған жоқ.
Еске сала кетсек, 30 маусымға қараған түні Қытайдың шығысында тағы бір зауыт жарылған болатын. Жергілікті БАҚ хабарлағандай, «Кана» химиялық өнеркәсіп компаниясының өндірістік аумағында метанолл сақтайтын қоймадан өрт шыққан. Бұл цехта өрт қауіптілігі жоғары түрлі газдар бар сегіз цистерна болған. Абырой болғанда, өрт сөндірушілер тілсіз жауды дер кезінде өшіріп, өзге жарылыс болған жоқ. Құтқарушылар жақын маңда орналасқан үйлердің тұрғындары мен жүздеген жұмысшыны қауіпсіз жерге көшірді.
Дереккө: bnews.kz