Атырау, 16 ақпан 12:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 496.00
€ 588.01
₽ 6.42

БҚО-да сотталған жауапқа тартылды

1 055 рет қаралды

Оралда қауіпсіздігі барынша жоғары мекемедеде жазасын өтеуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды БҚО прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Мемлекеттік айыптаушының принципті ұстанымына сай Қылмыстық кодекстің 428-1-бабының 1-бөлігіне сәйкес (Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері, тергеу изоляторлары, уақытша ұстау изоляторларында бейнебақылау жүйесін, сондай-ақ оның құрамдас бөліктерін қасақана жою немесе бүлдіру) сотталғанның кінәлі екендігі дәлелденді. 

Сотталған адам ауыр қылмыс жасағаны үшін Орал қаласындағы №28 (қауіпсіздігі барынша жоғары) мекемесінде жазасын өтеу кезінде теріс мінез-құлық дәрежесі бар қаскөй тәртіп бұзушы бола тұра, белгіленген тәртіпті бұзу мақсатында 2 дана үздіксіз бейнебақылау камерасына қасақана зақым келтірген.

Сот сотталушыны кінәлі деп тауып, 1 жылға бас бостандығынан айырды.  

Мемлекетке келтірілген шығынды өтеу туралы талап толығымен қанағаттандырылды.

27 қыркүйек 2024, 17:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.