Google компаниясы Microsoft корпорациясының үстінен Еуропалық комиссияға антимонополиялық шағым түсірді. Онда ол тұтынушыларды Azure бұлттық платформасына байланыстыру үшін Windows бағдарламалық құралын пайдаланды, сондай-ақ оларды баламаларға оңай ауысу мүмкіндігінен айырды деп айыптады. Бұл туралыKAZINFORM Anadolu Ajansı басылымына сілтеме жасап хабарлады.
Google-дың пікірінше, Microsoft тұтынушыларды Azure-ді пайдалануға және оларды экожүйесімен байланыстыру үшін өзінің нарықтық күші мен шектеулі лицензиялау шарттарын пайдаланады.
Мicrosoft әділ бәсекелестікке жол берудің орнына басқа бұлттық провайдерлерді таңдаған тұтынушыларды жазалау үшін Windows сервер бизнесіндегі ықпалын пайдаланып отыр.
Microsoft аз уақыт ішінде бұлтты есептеулер индустриясында айтарлықтай өсімге қол жеткізгені атап өтілді. Google болса бұл сектордағы сарапшылардың үмітін ақтай алмады.
Оның үстіне, бұл Google компаниясының Еуропалық комиссияға жіберген алғашқы шағымы екенін атап өткен жөн.
Бұған дейін Google Еуроодақта цифрлық жарнама үшін салынған монополияға қарсы айыппұлды жою туралы істі жеңіп алған болатын.
Еске сала кетсек, АҚШ үкіметі Google-ды жарнама нарығында монополист ретінде тануды талап еткен еді.