Бұл – қала тарихында бұрын-соңды болмаған жағдай. Федералдық прокуратура Эрик Адамс пен оның көмекшілеріне қатысты бір жыл бойы тергеу жүргізіп келген, деп хабарлайды 24kz.
Қала басшысының нақты қандай айып бойынша күдікке ілінгені белгісіз. Десе де, ол көпшілік алдында мәлімдеме жасап, еш кінәсі жоқ екенін жария етті. Эрик Адамс 2022 жылы Нью-Йорк мэрі болып сайланды. Сол уақыттан бері ол қалада қылмысты азайту бойынша көп жұмыс атқарып келеді.