Атырау, 27 қыркүйек 18:20
 ашықВ Атырау +10
$ 478.54
€ 533.76
₽ 5.17

ЕАЭО-ға мүше елдер арасында 5G желісін Қазақстан ғана белсенді дамытып отыр

96 просмотра

Еуразиялық одаққа мүше елдердің арасында Қазақстан ғана заманауи 5G желісін алғашқы болып іске қосып, белсенді дамытып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Finprom.kz ақпаратынша, бесінші буындағы желі әлемнің көптеген елінде қарқынды дамып келеді. Байланыс операторлары жаңа технологияға әжептәуір қаржы құйып жатыр. Былтыр 5G қосылу саны бүкіл әлемде 1,5 миллиардтан асқан.

Заманауи желіні кеңінен енгізіп жатқан елдердің арасында Қазақстан да бар. Бүгінде еліміздің жиырма қаласында 1 мың базалық станция орнатылған.

«Алайда көршілес мемлекеттерде жағдай мүлде басқаша, әсіресе бұл ЕАЭО-ға мүше елдерде қатты байқалады», - деп жазады Finprom.kz.

Мәселен, Ресейде бесінші буындағы желі коммерциялық эксплуатацияға әлі күнге дейін ауқымды түрде енгізілмеген. Жағдайды бірден бірнеше фактор қиындатып отырған көрінеді: 5G жабдығын шығаратын батыс өндірушілері елден кетіп қалған; мұнараларды орнатумен, жиіліктермен байланысты проблемалар бар; отандық телеком-нарық 4G-ға арналған инфрақұрылымды қолдайды.

Десе де Ресейдің цифрлық даму министрлігі ұялы байланысты дамытудың 2035 жылға дейінгі жоспарын әзірлеген. Бұл жоспарға сәйкес:

  • 2028 жылы — 5G халқы миллионнан асатын барлық қалада пайда болады;
  • 2030 жыл — халық саны 500 мың адамнан басталатын қалаларда 5G енгізіледі;
  •  2031–2035 жылдар — 100 мың адам тұратын қалалар 5G-ға қосылады.

Ал Қырғызстанда 5G желісін енгізу әлі үкіметтің жоспарында ғана, әзірлену сатысында. Алайда 2022 жылғы тамызда елдің Цифрлық даму министрлігі дайындық жұмыстары жүргізілгенін және перспективті жиілік жолақтары босатылғанын мәлімдеген еді. Жетекші ұялы байланыс операторлары 5G желісін сынап көрген. Жылдамдығы 1,5 Гбит/с деңгейінде болған. Бұл Қырғызстандағы қазіргі 4G желісінен он есе жылдам, дейді Finprom.kz.

Осы жылдың басында Қырғызстанның министрлер кабинеті 2024 жылға іс-қимыл жоспарын бекітіп, өкім шығарды. Құжаттағы негізгі тармақтардың бірі – сауда-саттық жолымен 3400–3750 МГц радиожілік ресурсын сату арқыды 5G жүйесін дамыту. Осы тармақты жүзеге асыру мерзімі 2024 жылғы 1 қазан деп бекітілген.

ЕАЭО-ның тағы бір қатысушысы – Беларусьте 5G желісін енгізу туралы әңгіменің жүріп жатқанына бес жылдан асты, бірақ нақты нәтиже әлі жоқ.

Арменияда да бесінші буын желісі коммерциялық эксплутацияға енгізілмеген.

«Осылайша ЕАЭС-ға мүше барлық елдің арасында Қазақстан – 5G желісін іске қосып қана қоймай, бүкіл ел аумағында белсенді енгізіп жатқан жалғыз мемлекет. Қазір бесінші буын желісі Қазақстанның 20-ға жуық ірі қаласын қамтып отыр», - деп хабарлады Finprom.kz.
Бүгін, 15:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.