Атырау, 27 қыркүйек 16:19
 ашықВ Атырау +14
$ 478.54
€ 533.76
₽ 5.17

«Бауырына салу» фильмі «Оскар» жүлдесіне ұсынылады

86 просмотра

Режиссер Асқар Кучинчирековтің «Бауырына салу» фильмі Қазақстан атынан америкалық киноакадемияның «Оскар» жүлдесіне ұсынылады. Мұндай шешімді Қазақстан Кинематографистер одағы жанындағы Оскар комитеті қабылдаған, деп хабарлайды Курсив.

Кучинчирековтің фильмі осыған дейін Қазақстан кинематографистер альянсы мүшелерінің дауыс беруімен «Тұлпар» ұлттық сыйлығын ұтып алған. Фильмнің осы сыйлығы оған «Оскарға» жолдама алуға септігін тигізген.


Фильмнен кадр

«Бауырына салу» фильмі «Оскардың» «Шет тілдегі үздік фильм» номинациясына ұсынылатын болады.

Айта кетейік, Америка киноакадемиясының дауыс беруі үш кезеңнен тұрады. Әр санаттағы үміткерлер 2025 жылдың ақпан айында белгілі болады. Жеңімпаздар 2025 жылдың 2 наурызында Лос-Анджелесте өтетін салтанатты марапаттау рәсімінде жарияланады.

«Бауырына салу» – қазақ халқының ежелгі дәстүрлерінің бірі. Түпкі мақсаты – алыс-жақын туысының жас сәбиін бала сүйе алмай жүрген келіншектің бауырына салу. Ана сүтіне жарып үлгермеген сәбиді туысының «бауырынан өткізіп», омырауын ағытып, жағасынан салынған баланы етегінен шығарып алады. Осы сәттен бастап бала «жаңа ата-анасына» беріліп, дүниеге алып келген әке-шешесі оны «өз балам» деп атамауы қажет. Тиісінше, баланы алған ата-ана оның бар жағдайын жасап, кейінірек өздері құрсақ көтеріп жатса, «тұңғышын» туған баласынан кем көрмей, бөлмей өсіруге міндеттеледі.

Бүгін, 13:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.