Оралда мектеп мұғалімін өлтірген адамға сот үкімі шықты
798 просмотра
Оралда мектеп мұғалімін өлтірген күдікті 12 жылға сотталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Айыпталушы мен марқұм әйел төрт жылдан бері таныс болған. Күдікті мұғалімнің компьютерін жөндеу үшін үйіне келген. Бірақ екеуі сөзге келіп, ер адам қорғансыз әйелді буындырып өлтірген. Сонымен қатар бірнеше рет пышақ сұққан. Тергеу кезінде айыпталушының үйінен қару-жарақ пен оқ табылған.