Атырау, 23 қараша 00:55
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Моножіптен жасалған ау құралына қайтадан рұқсат етуі мүмкін

1 050 просмотра

Жіптің 0,2 миллиметрден қалың болуы керек екені атап өтіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда осыдан 12 жыл бұрын үкімет қаулысымен синтетикалық, нейлоннан, басқа да пластик, моножіптен және моноталшықтан жасалған полиамидті аулармен балық аулауға тыйым салынған болатын.

Сонымен қатар, 2015 жылы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының «Тарифтік емес реттеу шаралары туралы» шешімімен аталған торлар Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған тауарлар тізіміне енгізілді.

Алайда, барлық алынған шараларға қарамастан, табиғат қорғау органдары балық ресурстарын заңсыз аулау үшін балық шаруашылығы су айдындарында пластикті моноталшық торлар қолданылғанын растайды.

Бірқатар балық шаруашылығы су айдындарын пайдаланушылар мен кәсіпшілікпен аулайтын балықшылар тарапынан бірнеше рет келіп түскен өтініштерге байланысты, 2024 жылы бақылау үшін балық аулау барысында облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциялары ғылыми ұйым өкілдерінің қатысуымен дәстүрлі аулар мен моножіптерден жасалған торлардың іріктелгіштігін зерделеу бойынша зерттеулер жүргізді.

Кәсіпшілікпен балық аулайтындардың пікірінше, QR-кодпен жабдықталған, қалыңдығы 0,2 мм-ден асатын моножіпті синтетикалық торларды пайдаланудан браконьерлікке жол бермеу, балық шаруашылығы суларын пайдаланушылардың жауапкершілігін арттыру секілді оң нәтиже күту керек. Олардың мәліметінше, зерттеулер мұндай балық аулау құралдарының басқа ау түрлеріне қарағанда табиғат пен биоресурстарға анағұрлым ұқыпты қарауға мүмкіндік беретінін көрсетті.

Бірақ синтетикалық моноталшықтан жасалған ау құралдарын пайдалануға рұқсат беру жұртшылықтың наразылығын тудыруы мүмкін екенін естен шығармау керек.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

27 қыркүйек, 12:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.