Кеңесші мамандарды біртіндеп алмастыра бастаған чат-боттардың тұтынушылар наразылығын тудыруы жиілеп кетті. Әсіресе банк саласындағы тұтынушыларға қызмет көрсету мәз емес. Ауқымды цифрландыруға қарамастан, кәсіпорындардың жекеменшік иелері мен басқарушыларына тез арада әрі нақты жауап бере алатын тірі адаммен кеңескен тиімдірек. Bereke Bank-де осы және басқа да мүмкіндіктер бар.
Банк тұтынушылары қолданатын қызмет ауқымы кең: мәселенің шешімін табу, техникалық ақауды түзету, жаңа қызметке қатысты түсініктеме алу. Стратегиялық дамуды көздейтін адамдар қаржылық операцияларды егжей-тегжейлі зерттеуге аса құлықты емес. Бірақ, ақша салық инспекторлары секілді тәртіпті талап етеді. Кәсіпкерге көп уақыт бөліп, кеңес бере алатын жеке менеджер тек таңдаулы, ірі тұтынушыларға ғана қол жетімді болған. Банктің қалған серіктестері телефондағы қажетті сандарды теріп, роботтармен «сөйлесуге» мәжбүр еді.
Bereke Business-тің жаңа философиясы әрбір кәсіпкерге ерекше қызмет көрсету қажеттілігіне негізделген. Bereke Bank тұтынушысына айналған бизнес иесіне бірден жеке кеңесшінің байланыс нөмерлері беріледі. Кез-келген уақытта оған хабарласып, банк қызметіне байланысты барлық сұрақты қоюға болады. Жеке менеджер – банктің жұмысын бірге жетілдіру жолындағы жалғыз мүмкіндік емес. Адам өзін мазалаған сауалды қойып, не болмаса шағымданады. Байланыс орталығына хабарласып, сайтқа жаза алады. Барлық хаттар мен хабарландырулар мұқият талданып, сарапталады. Содан кейін, банк өнімдерін әзірлейтін мамандар кешенді шешімдер шығарып, ұсынады. Ал тұтынушы оның өтініші бойынша жаңартылған қызметті сынақтан өткізуге қатысады.
Bereke Business-тің «Тарифті өзің жинақта» және «Өз депозитіңді жина» атты өнімдері осылайша әзірленген. Салым жасайтын кәсіпкер өзіне тиімді шарттарды немесе қызмет көрсету тарифтік жоспарының құрамын таңдай алады. Тұтынушы өзіне қажеті жоқ опциялар үшін артық ақша төлегісі келмей ме? Жақсы – оған еш қарсылық жоқ. Сыйақы алу мерзімін өздігінен белгілегісі келе ме? Жақсы – 2 күннен 3 жыл аралығындағы кез-келген кезеңді таңдауға болады. Сыйақының есептелу жилігін де таңдауға мүмкіндік бар.
Бөлімшелердегі және онлайн-байланыстағы менеджердер тұтынушыларға қалаған уақытта қызмет көрсетіп, өз құзіретіндегі міндеттерді ғана орындаумен шектелмей, барынша көмектесуге дайын. Бұл сөзге дәлел болатын оқиғалар көп. «Бақытты тұтынушы» атты жобада банк қызметкерлерінің адамгершілік танытқан оқиғалары жайлы баяндаймыз. Бұл өз жұмысына және көмек сұраған адамға құрмет танытқан Bereke Business-тің менеджер-амбассадорларының еңбегі. Жақын арада Bereke Bank-тің медиаресурстарында жарияланады.
Bereke Business әр кәсіпкерді ерекше бағалайтындықтан, оның басынан өткен жеке оқиғаларға да құрметпен қарайды. «Берекелi Кәсіпкер» атты жаңа жоба тұтынушылардың сәтсіздіктері мен жетістіктері жайлы баяндап, отандық бизнестің құндылықтарын ашып көрсетеді.
Әр тұтынушыға көмек көрсетуді көздейтін Bereke жаңа Bereke Business экожүйесін қалыптастыруда. Оған сәйкес, бизнес тұтынушы белгілі бір қызметті қолданушы ғана емес, өзіне тиімді шарттарды белгілей алатын адам ретінде қарастырылады. Кәсіпкер қаржыны басқаруды мейлінше жеңілдетіп, банктің бюрократиялық қызметіне алаңдамай, уақытын зая кетірмей, өз кәсібін дамытуға ғана күш салады. Нәтижесінде, Bereke Bank инфрақұрылымды нақты талаптарға сай дамытып, сенімді серіктестерге ие болады. Ал бизнесмен тәжірибелі қаржылық серіктеске арқа сүйеп, қорғансыз емес екендігін біледі.
Жаңа тұтынушыларға белгілі бір банк қызметінің түрлері бойынша тегін қызмет көрсету қосымша бонусы қарастырылған. Толық ақпаратты сайттан, әлеуметтік желіден, Bereke Bank бөлімшелерінен немесе бизнес тұтынушыларға арналған 7744 қысқа нөмеріне хабарласып білуге болады. Мобильді құрылғыдан хабарласу – тегін.
www.berekebank.kz
@berekebank
@berekebusiness_kz
@bereke.team
youtube.com/@bereke_bank
Лицензия нөмірі №1.2.199/93/31, берілген күні 2022 жылғы 20қыркүйек.