51 жастағы Үндістандық кәсіпкер Алматы облысында тұратын кейуананы тапсырыспен улап өлтірмек болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, шетелдік кәсіпкер Алматы тұрғынына зейнеткерді өлтіру үшін 10 миллион теңге берген. Қылмыскер мұндай әрекетке 2011 жылы пәтерді сатып алу-сату мәмілесі үшін барған.
Зейнеткерді өлтіруге тапсырыс берген күдікті ұсталып, қамауға алынды.
“Тапсырыс бойынша кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр”, – деп мәлімдеді ішкі істер министрлігі.
Бұған дейін әлеуметтік желіде “ESS CEE Pharma” ЖШС-нің басшысының зейнеткерді тапсырыспен өлтірмек болғаны туралы ақпарат тарады. Алын ала болжам бойынша, тапсырысты орындаушы адам қарт әйелді улап өлтірмек болған. Полция қызметкерлері екі қап ұнтақ тәрізді зат тәркіледі.