Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросы халықаралық іздеуде жүрген 42 жастағы әйелді Анталья қаласында ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
ІІМ-нің ақпаратынша, әйел 2009 жылы Ақтау қаласындағы банктердің бірінің директорының орынбасары болған кезінде жылжымайтын мүлік сатып алу үшін 200 мың АҚШ доллары мөлшерінде несие алу туралы қаржы ұйымына өтініш берген. Ақшаны алу кезінде әйел қарыз алушының қолтаңбасын қолдан жасап, қаражатты алып, ізін суытқан.
Ұсталған адам Қазақстанға жеткізілді.