Атырау, 27 қыркүйек 04:19
 ашықВ Атырау +16
$ 478.54
€ 533.76
₽ 5.17

LRT-да көз жұмған азамат Президент Іс басқармасы ауруханасында істеген

215 просмотра
Ulysmedia коллажы

Астанада LRT тірегінде өз-өзіне қол жұмсаған ер адам туралы мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жалпы Қазақстанда суицид жағдайлары жиілеп кетті. Жақында ғана болған қайғылы оқиғалардың бірі 24 қыркүйекте Астанада тіркелді. 38 жастағы ер адам LRT тірегінде асылған күйде табылған.

Полиция өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша іс тіркелгенін хабарлады. Көз жұмған азаматтың ілініп тұрғанын полицияыға ЖШС бірінің күзетшісі хабарлаған.

Полицияда елорда тұрғыны Жігер Ермолұлы Емішев атты азаматтың көз жұмғаны анықталды.

АРТЫНДА ӘЙЕЛІ ҚАЛДЫ 

Өлім құшқан ер азаматтың артында жұбайы қалды. Ашық ақпарат көздерінен оның Денсаулық сақтау саласында IT-маман болып жұмыс істегені жөнінде мәлімет бар. Оның соңғы жұмыс орны – ҚР Президенті Іс басқармасының медициналық орталығының ауруханасы. Әлеуметтік желілерде ол перспективасы бар жұмыс орындарына қызығушылық танытатынын хабарлаған.

– Перспективалы әрі қызықты жұмыс орынында мен өз дағдыларымды барынша пайдалана отырып, еңбегімді көрсете аламын, – деп жазған ол Linkedin-де.

Жігер Емішев Ақмола облысының тумасы. 2004 жылы Ерейментау қаласындағы орта мектепті, 2008 жылы Қарағанды университетін бітірген.

Оның әлеуметтік желіде белсенді өмір салтын ұстанғаны да белгілі. Мектеп кезінде Ерейментау қаласында КВН құрама командасының капитаны болған, студент кезінде математика факультетінің КВН командасының қатысушысы болған.

Кеше, 16:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.