Мұны Израиль армиясының қолбасшысы мәлімдеді. Әуе күштері Ливанның шекаралас және шалғай аудандарына соққы беруді тоқтатқан жоқ. Израиль Ливанға дүйсенбіден бері үдете соққы беріп жатыр, деп хабарлайды «Qazaqstan».
72 адам қаза тапқан. Басты нысана - Хезболла лидерлері мен қозғалысқа тиесілі инфрақұрылым.
Ливан болса кеше Тель-Авивке баллистикалық зымыран жіберді. Алайда Израиль жағы ракетаны атып құлатқан. Бұл қақтығыс БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында талқыланды.
Франция мен АҚШ тараптарды атысты 21 күнге тоқтатуға үндеді. Вашингтон мен оның одақтастары шиеленісті дипломатиялық жолмен шешуге баса мән беріп отыр.