Атырау, 27 қыркүйек 04:24
 ашықВ Атырау +16
$ 478.54
€ 533.76
₽ 5.17

Адамның иммундық жүйесі жасанды интеллект көмегімен бақыланады

186 просмотра

Жоба "Дені сау ұлт" ұлттық бағдарламасы аясында жүзеге асырылған, деп хабарлайды Informburo.kz.

Отандық ғалымдар иммундық жүйенің жағдайын бағалауға арналған бірегей платформаны әзірледі. Ол онкологиялық клиникада сәтті іске қосылды, деп хабарлады Astana Hub баспасөз қызметі. 

Инновациялық медицина ғылыми-клиникалық орталығы дәрігерлерінен құралған команданың айтуынша, жобаның негізгі мақсаты халыққа тегін әрі қолжетімді скрининг ұсыну. Платформа жалпы қан анализінің нәтижелеріне негізделген иммунологиялық деректердің кең ауқымын талдайды, жасырын инфекцияларды анықтап, организмнің ауру-сырқауға, екпеге, физикалық жүктемелер мен стресске әсерін бақылауға көмектеседі. Сонымен қатар иммунитетті қалыпта ұстап, нығайту үшін ұсынымдар береді.

"2016 жылдан бері платформаны әзірлеуге 8 жылдан астам уақыт жұмсадық. Осы уақыт ішінде 4 авторлық құқық алып, сауда маркасын тіркеп қана қоймай, платформаның құрылымын қайта қарап, жасанды интеллект кіріктірдік. Биыл шілдеде өнімді өндіріске сәтті енгізіп, белсенді қолданып жатқан клиникалар мен емханаларда жақсы көрсеткіштер байқап отырмыз. Платформа ұсынған нәтижелердің дәлдігі орташа есеппен 98,7 пайызды құрайды. Мұның тәжірибе мен ғылыми тұрғыда дәлелі бар", – деді ImmuniGuide негізін қалаушылардың бірі, медицина ғылымдарының докторы, дәрігер-онколог Нұрлыбек Өдербаев.

Оқи отырыңыз: "Адам бойындағы таланттарды анықтайды". Генетикалық паспорт артық салмақ пен дерттен қалай құтқарады?

Жобаның басты артықшылығы – медициналық деректерді жоғары жылдамдықпен және дәлдікпен өңдей алатын жасанды интеллект, бұл егжей-тегжей жекелендірілген есептерді кез келген тілде ұсынуға мүмкіндік береді.

Ғалымдардың айтуынша, отандық өнім денсаулық сақтау саласын жақсарту үшін жоғары әлеует көрсетіп, халықаралық алаңға шығуға дайын екенін танытты. Жоба шет елдерде қызығушылық тудырды. Атап айтқанда, Малайзия тарапымен платформаны сол аймақта сынақтан өткізу бойынша келіссөздер жүргізілуде. Алдағы уақытта технология аясын кеңейтіп, Азия, Еуропа мен АҚШ елдеріне енгізу жоспарланып отыр.

Кеше, 14:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.