Атырау, 27 қыркүйек 04:24
 ашықВ Атырау +16
$ 478.54
€ 533.76
₽ 5.17

Мемлекет алма өсіргісі келетіндерге көмек береді

185 просмотра
Сурет: freepik

2025 жылдың соңына дейін жалпы қуаты 76,3 мың тонна болатын 14 жобаны іске асыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды informburo.kz.

ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауыл шаруашылығын дамытуға қатысты берген тапсырмаларының қалай жүзеге асып жатқанын, дәлірек мемлекеттің бағбандарға қалай көмектесіп жатқанын түсіндірді.

Мемлекет бағбандардың 50 пайыз шығынын өтеп береді

Мемлекет тарапынан әртүрлі жеміс-жидек, соның ішінде алма мен жүзім отырғызғысы келетіндердің шығынының бір бөлігін өтеп береді. Бұл үшін дәндер отырғызатын жердің көлемі 5 гектардан асуы тиіс. 

"Элита көшеттерін сатып алған ауыл шаруашылығы кооперативтері шығындарының тең жартысы өтелетін болады. Мұндай қадамға тұқымның қолжетімділігін арттыра отырып, бағбандарды базалық субсидиямен қамтамасыз ету үшін барып отырмыз. Бір көшетке 466 теңгеден төленетін болады. Бұдан бөлек өсімдіктерді зиянкестерден қорғап, топырақ құнарлылығын арттыру үшін сатып алған құралдардың да тең жартысын мемлекет өтейтін болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы берген тапсырмаға сәйкес, 2021 жылдан 2025 жылға дейін сақтау сыйымдылықтары салынып, оларды жаңғырту қамтылған кешенді жоспарға бойынша жұмыстар жүргізіледі", – деп түсіндірді Ербол Тасжүреков.

Ары қарай вице-министр шаруа қожалықтарының өнімдерін сақтау үшін қажет ғимараттардың салынып жатқанына тоқталды. 

Кеше, 13:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.