Оңтүстік Кореяда отбасын енді құрған ерлі-зайыптылар үшін төрт күндік жұмыс аптасы енгізіледі. Ол елдегі демографиялық ахуалды жақсарту үшін жасалмақ, деп хабарлайды 24.kz.
Бұл әзірге сынақ ретінде қолға алынған жоба. Оған Кёнгидо провинциясындағы 50 компания қатысады. Жұмыс аптасы қысқарғанда, жастардың отбасына көңіл бөлуге уақыты көбеюі тиіс. Қазір елде демографиалық дағдарыс ушығып барады.
Бала туу көрсеткіші төмендеп кеткен. Өйткені баспана қымбат. Баланы бағып-қағу шығындары да аз емес. Жастар мансап қуып, сәбилі болуға асықпайды. Осыған байланысты билік отбасын құруға ынталандыратын арнайы бағдарламаларды қолға алып жатыр. Тіпті жалғызбасты жандарға кездесу ұйымдастырылады. Егер қарым-қатынасын жалғастыратын болса, оларға ақша төлейді. Бұдан бөлек баспана сатып алу және үй жалдап тұруға да қаржылай көмек бар.