Атырау, 27 қыркүйек 04:25
 ашықВ Атырау +16
$ 478.54
€ 533.76
₽ 5.17

Маңғыстау облысында жаңа курортты қала салынады

193 просмотра

Мемлекет басшысының биылғы маусым айында өткен туризмді дамыту жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында Маңғыстау облысында өңірдің туристік әлеуетін дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, Кендірлі курортты аймағында жылына 300 мың адамға дейін қабылдай алатын туристік қала салынады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Кендірлі теңіз жағалауының ерекшелігі – шомылу маусымының ұзақтығы. Географиялық орналасуы да маңызды рөл атқарады. Ол өзінің бірегейлігінің арқасында туристерді тартуға ыңғайлы. Осыған байланысты Президент Кендірлі туристік аймағын құру бойынша нақты тапсырма берді. Біз тиісті инфрақұрылымы бар және туристерге қызмет көрсететін арнайы туристік қалашық салуды жоспарлап отырмыз. Бұл Жаңаөзен қаласының негізгі жүктемесінің төмендеуіне жақсы әсер етеді", — деді Кендірлі ауылының әкімі Мекен Үйсенов.

Кеше, 11:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.