Бүгін аудан орталығында отбасын қолдау орталығы ресми түрде ашылып, өз жұмысын бастады. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
50 орынға арналған орталық Құлсары қаласы, Рахметолла Караманова көшесі, 50 ғимаратта орналасқан.
Мекеме қызметінің мәні мемлекеттік отбасы саясатының шараларын іске асыру, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) жан-жақты қолдау болып табылады. Мекеме қызметінің мақсаты өтініш білдірген адамдарды (отбасыларды), оның ішінде өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) жан-жақты қолдау арқылы отбасы институтын нығайту, отбасының әл-ауқатын арттыру болып табылады.
Айта кетейік, отбасын қолдау орталығында барлығы 17 қызметкер жұмыс істейді. Орталық қызмет алушыларына қолайлы жағдай жасау мақсатында арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мұнда балалар ойын бөлмесі, психологиялық, медициналық көмек көрсететін мамандар кабинеттері бар. Сондай-ақ, жатын бөлмесіне өмірлік қиын жағдайға тап болған және зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдар уақытша орналастырылады. Орталықта медициналық, құқықтық, әлеуметтік, психологиялық кеңестер беріледі.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА