Атырау, 25 қыркүйек 18:20
 ашықВ Атырау +9
$ 479.71
€ 533.77
₽ 5.16

Алматыдағы ЖОО бір студенттің қаза болғанын хабарлады

106 просмотра

Халық арасында AlmaU деп аталып кеткен Алматы менеджмент университеті (Almaty Management University) бір студентінің қазасы туралы ақпаратты растады, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

"Almaty Management University университетімізде студенттің қазаға ұшырағанын қайғырып хабарлайды. Қайғылы оқиғаның себебі мен мән-жайын қазір құқық қорғау органдары анықтап жатыр. Университет құқық қорғау органдарына оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға жан-жақты көмек көрсетеді" деп жазылған 25 қыркүйекте оқу орны таратқан хабарламада.

Онда оқиғаның қай күні болғаны айтылмайды.

Оқу орны марқұмның туыстарына көңіл айтып, ақпарат құралдарынан тексерілмеген ақпаратты таратпауды өтінген.

Қазақстанда кейінгі уақытта қайғылы оқиғалар жиілеген.

24 қыркүйек таңертең Астана қаласында құрылысы жүріп жатқан LRT желісі бойынан бірнеше метр биікте салбырап тұрған өлген адам табылды.

Оның алдында Алматы қаласының полициясы 18 жастағы жасөспірім қазасын тергеп жатқаны хабарланған. Әлеуметтік желілерде тараған ақпарат бойынша, жасөспірім 23 қыркүйекте қаладағы көпқабатты үйдің төбесінен құлап, қаза болған.

Бүгін, 15:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.