Атырау, 25 қыркүйек 18:26
 ашықВ Атырау +9
$ 479.71
€ 533.77
₽ 5.16

Премьер-министр Бектенов Жаңаөзенге барды

97 просмотра


Фото: үкімет

Премьер-министр Олжас Бектенов Маңғыстау облысына жасаған жұмыс сапары кезінде Жаңаөзен моноқаласын әлеуметтік-экономикалық жағынан дамыту үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын білді. Атап айтқанда, ол инфрақұрылымды жаңғырту, білім беру сапасын арттыру, халықты жұмыспен қамту сияқты мәселелерді тексерген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Үкіметтің баспасөз қызметі жазғандай, премьер-министр Жаңаөзен экономикасын мұнайға ғана тәуелді етпей, әртараптандыру жоспарымен танысқан. Жаңаөзенде 150 мыңнан астам адам тұрады. Болжам бойынша, 2035 жылға қарай халық саны 200 мың тұрғыннан асады. Жергілікті билік «Жаңаөзен мен оған іргелес жатқан ауылдар 100 пайыз сумен, тұрмысқа қажетті газбен және электр энергиясымен қамтылғанын» айтқан. 

Бектенов сондай-ақ қаладағы жаңа газ өңдеу зауытының құрылысымен танысқан.

«Зауыт 900 млрд м3 ілеспе мұнай және табиғи газ қоспасын өндіріп, жылына 5 мың тонна газ конденсатын шығара алады. Зауыттың құрылысы 2023 жылдың қарашасында басталған, екі кешеннің құрылысы 2027 жылдың басында толық аяқталады деген жоспар бар», - деп жазған үкіметтің баспасөз қызметі.
Бүгін, 15:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.