Атырау, 25 қыркүйек 16:21
 ашықВ Атырау +15
$ 479.71
€ 533.77
₽ 5.16

Жыл басынан бері туроператорлардың табысы бірнеше есеге көбейген

91 просмотра

Қазақстандық туроператорлар I жартыжылдықта 285,7 миллиард теңге табыс тапқан. Олардың айтарлықтай өскен табыстарынан шетелге демалысқа шығатын қазақстандықтардың көбейгенін көруге болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Бірінші несиелік бюроның мәліметінше бұл өсім номиналды түрде өткен жылмен салыстырғанда шамамен 40%- ға көп.

2023 жылдың қаңтар-маусымына қарай түзетусіз инфляциядағы көрсеткіші 3,2 есе өскен. Белгіленген кезеңнің қорытындысы бойынша бұған дейін осындай нәтиже болған емес.

Әдетте жылдың бірінші жартысы екінші жартыжылдыққа қарағанда туроператорларға әлдеқайда аз ақша әкеледі. Алайда қазіргі жоғары кірістер таң қалдыруда.

Қарқынды өсуге не себеп болғанын нақты айту қиын. Тек бұған дейін ресми статистика шағын кәсіпорындарды ғана іріктеп зерттеу нәтижелері бойынша алатын деректердің сәйкес келмеуі. 

Сондықтан бұл қазақстандықтардың демалуға ақша аямайтынын көрсетеді.

Бүгін, 13:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.